Атырау, 27 қараша 01:27
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сізге қымбат көлік не үшін керек?

1 553 просмотра

Атырау қалалық білитім беру басқармасының 17 миллионға көлік сатып алу әрекеті сәтсіз аяқталғаннан кейін мемлекеттік сатып алу сайтында көлік сатып алу үшін енді 14 790 000 теңгеге қайтадан лот орналастырылды. Бәлкім, мұндай табандылықтың да себебі бар шығар деп, ойлаған «АЖ» қалалық білім беру бөлімінің басшысы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВАҒА жүгінген еді.

Еске салсақ, алғашқы мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру 8 қыркүйекте жарияланды. Бюджетті қатаң қадағалайтын қала тұрғындары: «білім беру бөлімі салық төлеушілердің есебінен мұндай қымбат көлік алуға қандай еңбек сіңірді?» деп реніш білдірді. Қоғам белсенділерінің пікірінше, олардың дер кезінде араласуының арқасында көлікті 17 миллион 490 теңгеге мемлекеттік сатып алу жүзеге аспаған. Мемлекеттік сатып алулар сайтында 2 қазанда жарияланған көлікті азырақ сомаға екінші рет сатып алу әрекеті жергілікті пабликтердің резиденттерін ашуландырды. Бірінші және екінші ұсынылған сомалардағы сандардың ауысуы тіпті кейбіреулерінің күдігін тудырды.

«ҚЫЗМЕТ КӨЛІГІМІЗ БҰЗЫЛДЫ»

– Қалалық білім беру бөліміне көлік қандай мақсатта қажет?

– Бүгінде қалалық білім беру бөлімінің құрамында 118 мекеме, оның ішінде 64 жалпыға білім беретін мектеп, 46 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 6 мектептен тыс мекеме, 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинет және 1 мүгедек балалар мен инклюзивті балаларға арналған түзету кабинеті бар. Қала ішінде және сыртында орналасқан мекемелердің көптігіне байланысты ауылдық елді мекендерде нысандарды аралап, тексеруде үлкен мәселе туындайды. Қазіргі таңда білім беру бөлімінде қызметтік көлік жоқ. Алдыңғы жолы білім беру бөлімі қызметтік көлікті 2014 жылы сатып алған. Бүгінде ол жүрмейді, жөндеуге де келмейді, - дейді А.Дүйсекенова. – Бізде жыл сайын мектептер мен балабақшаларда күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілетіндіктен, сонымен қатар үнемі бақылау мен аралауды қажет ететін оқу үдерісін үнемі қадағалау қажет болғандықтан көлік сатып алуға қаражат сұрадық. Ақша бөлінгеннен кейін қалалық қаржы бөлімі мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс жариялап, ол берілген өтінімдердің жоқтығынан өтпей қалды. Әрі қарай баға ұсыныстарын сұрату арқылы сатып алатынымызды хабарладық. Техникалық ерекшелікте ұлттық стандарт көрсетілмегендіктен ішкі мемлекеттік аудит департаменті оның күшін жойды.

«МАРКАСЫН КӨРСЕТПЕДІК»

- Әлеуметтік желіде көліктің маркасы қызу талқыға түсті. Hyundai Tucson маркасының қымбат кроссовері не үшін қажет болды, деп жазып жатыр.

– Біз бастапқыда бюджетті нақтылау үшін көлемі 2 текше метрден аспайтын көлік көрсетілген коммерциялық ұсынысты тіркедік. Өйткені бізде қала маңындағы елді мекендерде орналасқан нысандар көп. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес, конкурс жарияланған кезде техникалық ерекшелікте көліктің маркасы көрсетілмегенін атап өткім келеді.

Иә, айтпақшы, мемлекеттік сатып алу сайтында Tucson қажет деп жазылмаған. Қалалық білім беру бөліміне автоматты трансмиссиясы бар, сыйымдылығы 2000 текше метрге дейін жететін С класты жеңіл автокөлік қажет деген ақпарат бар. Дегенмен, құжатта, атап айтқанда техникалық сипаттамада 4630×1865×1665 деп, қажетті көліктің өлшемі көрсетілген. Google дереу мұндай параметрлермен тек 2020-2023 жылғы Hyundai Tucson 4 көлігін ғана ұсына алатынын көрсетті.

«Колеса» сайтында Атырауда 10 миллионға қолданылған Tucson көлігін сатып алуға болады, айтпақшы, бұл класстағы арзанырақ басқа да жақсы көліктер бар.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

7 қазан 2023, 00:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.