Бұл жайында «Әл-Жазира» телеарнасының сайтында хабарланды.
Пәкістандық БАҚ-тың мәлім етулеріне қарағанда, белгісіз біреулер Зульфикар Алидің көлігіне оқ жаудырып, соның салдарынан ол қаза тапқан. Шабуыл кезінде мемлекеттік айыптаушыдан басқа адамдардың зардап шеккендігі жайында еш ақпарат жоқ.
Жұма күні Бхуттоның өліміне қатысты прокурор сотқа қатысуы тиіс болатын. Бұл іс бойынша басты айыпталушылардың бірі - Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф. Оған Бхуттоның қауіпсіздігін жеткілікті дәрежеде қамтамасыз еткен жоқ деген айып тағылуда.
Пәкістанның оппозициялық халықтық партиясын басқарған Беназир Бхутто 2007 жылдың желтоқсан айында шеру кезінде қаза тапқан болатын. Оның өлімін тыңғылықты тергеу тек 2009 жылы ғана БҰҰ-ның араласуымен қолға алынған еді.
Дереккөз: inform.kz