Атырау, 13 сәуір 14:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

Махамбет атындағы театр ұжымы Мысырға аттанды

1 023 рет қаралды

Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы аясында Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры ұжымы 6-10 қазан аралығында Мысыр астанасы Каир қаласында Р.Отарбаевтың “Бейбарыс" әфсанасын сахналайды.

Айта кетейік Махамбет театры жақында екі күн бұрын «ТеАРТ-Көкше» V Халықаралық театр фестивалінде Р.Отарбаевтың «Жалғыздық» спектаклімен бас жүлде жеңіп алған болатын.

6 қазанда театр ұжымымен бірге Атырау облысынан құралған делегация Мысырға аттанды. Ресми делегация құрамында Атырау облысынан барлығы 62 адам бар.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

8 қазан 2023, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.