«Қалдырған ізің мәңгілік» атты салтанатты шараға облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
- Ұстаз - бұл өте қасиетті әрі биік мамандық десек артық емес. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстаз дәрежесін көтеру үшін педагогтардың мәртебесі арнайы заң қабылдады. Сіздердің бүгінгі атқарған еңбегіңіз - ұлтымыздың ертеңгі болашағы. Өйткені жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беретін өздеріңіз. Сондықтан да еңбектеріңіз өлшеусіз. Алдарыңызда басымызды иіп, алғыс білдіреміз. Мерекелеріңіз құтты болсын! Атыңызды оздырар шәкірттеріңіз көп болсын,- деді С.Шәпкенов залда жиналған ұстаздарға қарап.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Индер ауданы Жарсуат орта мектебінің мұғалімі Ардақ ҚАЙЫРЛИЕВА «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталып, 1000 айлық есептік көрсеткіштегі ақшалай сыйақы ұсынылды.
Жиында өңірдің білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар ұстазға Оқу-ағарту министрінің Құрмет дипломы мен Алғыс хаты, Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты табыс етілді. Салтанатты шарада Серік Шәпкенов бірнеше сала ардагеріне «Еңбек ардагері» төсбелгісін тақты. Сонымен қатар «Үздік педагог» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары 300 айлық есептік көрсеткіштегі ақшалай сыйақымен марапаттады.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді ӨКҚ ұсынды