Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті өңірдің 18-30 жас аралығындағы азаматтарын жұмысқа шақырады. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департамент бастығының орынбасары Жұмахан ӘБІЛБЕКОВ мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Шекара қызметі департаментінің бөлімдері мен бөлімшелері Исатай, Құрманғазы аудандарында және Дамба елдімекендерінде орналасқан. Мақсат - көршілес Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны қорғау, құрлықта, аумақтық және ішкі суларда мемлекеттік шекараның тұтастығын сақтау.
- Біз өңірдегі жастарды әскери қызметке шақырамыз. Әскери қызметшілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ қолайлы әлеуметтік пакеттер бар. Атап айтсам, міндетті зейнетақы жарналары мен салық аударымдарынсыз ай сайынғы жәрдемақы. Қызмет кезеңінде қызметтік тұрғын үймен де қамтамасыз етіледі. Кейін ҚР заңдарына сәйкес тұрғын үй төлемдері жасалып, жинақтау нәтижесінде оны ипотекамен сатып алуға болады, - деді Ж.Әбілбеков.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді ӨКҚ ұсынды