Исатай және Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мәліметінше, аудан әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары шығарылды.
Исатай ауданы әкімі лауазымына үш үміткер бар:
- ГҰБАШ Асылан Жарылғасұлы, 1977 жылы туған, өзін-өзі ұсынған, Исатай ауылдық округінің әкімі;
- МҰҚАНОВ Рашид Тасанұлы, 1986 жылы туған, Қазақстан халық партиясынан ұсынылған, Исатай ауданы әкімінің орынбасары;
- МУСИН Нұрым Бекежанұлы, 1980 жылы туған, AMANAT партиясынан ұсынылған, Исатай аудандық мәслихатының төрағасы.
Қызылқоға ауданының әкімі лауазымына 4 үміткер бақ сынауда:
- ЖЕКСЕНОВ Мағжан Абызұлы, 1972 жылы туған, өзін-өзі ұсынған, Ойыл ауылдық округінің әкімі;
- ӘЗМҰХАНОВ Қанат Қадыржанұлы, 1981 жылы туған, AMANAT партиясынан ұсынылған, Қызылқоға ауданының әкімі;
- САЛЫҚОВ Сәндібек Аманбайұлы, 1982 жылы туған, өзін-өзі ұсынған, Миялы ауылдық округінің әкімі;
- РАХМЕТҚАЛИЕВ Жанкелді Нұржанұлы, 1961 жылы туған, өзін-өзі ұсынған кандидат, жұмыссыз.
Кандидаттарды ұсыну 5 қазан күні сағат 18:00-де аяқталды, кандидаттарды тіркеу 10 қазан күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
Жомарт ӘМІРХАНОВ