Атырау облысында «Заңсыз келуші-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасының II кезеңі өтіп жатыр. Алғашқысы 19-25 маусымда өткен. Бұл туралы Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әділжан ЖАНШИН баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыстық полиция департаментінен шараға барлығы 230 қызметкер жұмылдырылды. Іс-шара басталғалы бері ҚР халықтың көші-қон саласындағы заң талаптары бұзылған 563 факті анықталып, 437 шетелдік тұлға (негізінен Өзбекстан азаматтары) және 126 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- Көші-қон заңдылықтарын бұзған 9 шетелдік сот шешімімен Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданы және Атырау облысы Құрманғазы аудандық бақылау-өткізу бекеті арқылы мемлекет аумағынан тысқары шығарылды, - деді Ә.Жаншин.
Сондай-ақ, шекараны заңсыз кесіп өту дерегі анықталды. Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА