Атырау, 28 қыркүйек 20:27
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

«Atyray’» телеарнасының директоры тағайындалды

1 124 просмотра

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың шешімімен «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалының директоры лауазымына Талғат ӨТЕҒҰЛОВ тағайындалды.

Талғат Рзағұлұлы Өтеғұлов 1979 жылы дүниеге келген, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Журналистика» мамандығы бойынша аяқтаған. «Қазақстан» РТРК Ақтөбе филиалында жаңалықтар қызметінің дикторы, редакторы болып еңбек еткен. Кейін «ХАБАР» агенттігінің Атырау облысындағы меншікті тілшісі болды. 2020 жылдан күні бүгінге дейін «Caspian News» телеарнасының продюсері болды, әрі жаңалықтар қызметі, тақырыптық бөлімнің шеф редакторы міндетін қоса атқарды. 

«Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалын 2022 жылдың ақпанынан күні бүгінге дейін басқарған Гүльвира Бекқұлиева қызметтен өз еркімен кетті.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 қазан 2023, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.