Атырау облысында iрi-қара малдарды қағумен орын алған жол көлік оқиғаларын алдын-алу мақсатында Әкімшілік полиция басқармасының жол және техникалық инспекция тобының инспекторы полиция капитаны Ермек Зұлқаровтың ұйымдастыруымен "NCOC" компаниясы, ҚазАвтоЖол демеушілігімен республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары автомобиль жолының Мақат ауданындағы мал шаруашылық қожалықтарындағы ірі-қара малдарының мойындарына жарық қайтарғыш ленталар тағу және жарық шағыстырылғыш қасиеті бар бояу шашу жұмыстары атқарылды, деп хабарлайды Атырау қаласының полиция басқармасы.
Айта кетейік, 300 жарық шағыстырылғыш лента тасжолға жақын орналасқан 10 шаруа қожалық иесіне таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.