Атырау, 17 қараша 19:28
 бұлттыВ Атырау +1
$ 495.95
€ 524.37
₽ 4.98

Украинаның Харьков облысында Ресей атқылауынан 50-ге жуық тұрғын қаза тапты

911 просмотра
Сурет: T.ME/SYNEGUBOV

Ресей әскерлерінің Украинаның Харьков облысы Купянск ауданындағы Гроза ауылын атқылауы салдарынан кемінде 49 адам қаза тапты, оның ішінде бір бала бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Украинаның бас прокуратурасы хабарлағандай, тағы жеті адам ауыр жараланған.

Ведомствоның мәліметінше, зымыран соққысы 5 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 13:25-те болған.

Харьков облыстық әскери басқармасының бастығы Олег Синегубов шабуыл жасалған кезде жергілікті дәмханада көптеген бейбіт тұрғындар болғанын атап өтті.

«Азаматтық нысанға – ауылдық кафе-дүкенге зымыраннан оқ атылды. Шабуыл болған кезде дәмханада тұрғындардың бірін жерлеу рәсімі өтіп жатқан», - делінген хабарламада.

6 қазан 2023, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.