Атырау, 17 қараша 19:29
 бұлттыВ Атырау +1
$ 495.95
€ 524.37
₽ 4.98

Әкімдіктегілер көшелерді аралап, қайран қалды

Бейнежазба
1 081 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Атырау қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИН орынбасарлары мен бөлім басшыларын жинап, аумақтардың санитариялық тазалығы бойынша көшелер мен ықшамаудандарды тексерді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Ш.Кейкин қалалық әкімдіктен бастап Балықшы ықшамауданына дейін және Вокзал маңы, Алмагүл ықшамаудандары, «Дина «базарының аумағына барды. Аралау барысында жеке тұрғын үй секторы алдында жиналған құрылыс қалдықтары, қураған талдар, жол апатына себепші болатын құдықтар анықталды.

- Қаланың сәулетті келбетін дұрыс қадағалап, бақылау қалалық жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімі жауапты. Ұжымдарыңызда 60-қа жуық қызметкер бар, барлығына тапсырма жүктелуі тиіс. Қалалық әкімдікке қарасты барлық бөлім мен жауапты мекемелердің басшылары да өздеріне тиесілі аумаққа жауапкершілікті күшейту керек. Бөлімнің өздеріне бекітілген аумақтарының тазалығын қадағалап, аптасына бір рет мәлімет беру жұмыстары мүлдем ақсап тұр. Ендігі жиын кабинетте ғана емес, қаланың әр нүктесінде өткізіледі, - деді Ш.Кейкин

Айта кетейік, қала әкімі тазалық мәселесі бойынша көшпелі жиынды кемінде айына екі рет өткізуді жоспарлады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 қазан 2023, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.