Атырау, 5 желтоқсан 09:45
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Тамерлан Царнаевтың мәйіті туыстарына берілді

1 819 рет қаралды
Бостондық марафонның мәре сызығында болған жарылыстарды ұйымдастырды деген күдік келтіріліп отырған Тамерлан Царнаевтың денесі туыстарына тапсырылды.

Бұл туралы Би-Би-Си жазып отыр.

Массачусетс штатының қоғамдық қауіпсіздік департаменті өкілінің айтуынша, 2 мамыр, бейсенбі күні Царнаевтың туыстары оның мәйітін алып кеткен.

Еске салайық, Тамерлан Царнаев тәртіп сақшыларымен атыс барысында алған жарақаттардан ажал құшты. Оның інісі Джохар қолға түсті. Оған жаппай қырып-жоятын қаруды қолданды деген айып тағылып отыр.

15 сәуір күні Бостондағы марафонда мәре сызығында орын алған екі жарылыстан 3 адам қаза болды, 260-тан астамы жарақаттанды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

3 мамыр 2013, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.