Балықшы ықшамауданының тұрғындары азаматтық белсенділік танытты. Telegram-дағы «Белсенді азаматтар 06» чатында Байжігітова көшесіндегі №84 үйдің ауласында бір топ азамат ішімдік ішіп, шулап, мазаны алғаны туралы арыз түсті. Бұл мәселені учаскелік полиция қызметкерлері дереу қолға алды.
Оқиға орнына жеткен учаскелік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп бұзылған деректі тіркеді. Қазіргі уақытта азаматтардың жеке басы анықталып, наркологиялық сараптама жүргізілмек. Құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарға келу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылады.
Жомарт ӘМІРХАНОВ