Атырау, 27 қараша 03:16
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырау қаласының бюджеті өзгереді

759 просмотра
freepik.com 

Жақында «Ашық НҚА» порталында «Атырау қаласы Мәслихатының 2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті туралы жаңартылған шешімінің жобасы жарияланды.

Биыл бюджеттің кіріс бөлігі 398,3 млрд теңгені құраса, оның 329,7 млрд-ы салық түсімдері есебінің еншісінде.

Қала қазынасына салықтың қандай түрлері көбірек түседі?

- акциздер – 117,5 млрд теңге;

- жеке табыс салығы – 80,2 млрд теңге;

- әлеуметтік салық – 74,8 млрд теңге;

- корпоративтік табыс салығы – 33,2 млрд теңге;

- мүлік салығы – 13,8 млрд теңге.

Облыстық бюджеттен Атырау қазынасына түсетін трансферт - 54,9 млрд теңге.

Қала бюджетінің шығыс бөлігі 404,6 млрд теңгені құраса, оның 272,5 млрд теңгесі - бюджет алымдары. Яғни, облыс орталығы өз кірісінің 67 пайызын облыстық бюджетке аударады, әрі қарай қаражаттың республикалық бюджетке жіберілетіні анық.

Қаланың қай секторларына бюджет қаражаты көбірек жұмсалады?

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (64,3 млрд теңге);

- көлік және коммуникация (39,5 млрд теңге);

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру (5,5 млрд теңге);

- «Отбасы банкін» бюджеттік несиелеу (4 млрд теңге);

- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік (2,9 млрд теңге);

- отын және энергетика (2,6 млрд теңге).

Қала бюджетінің тапшылығы -10,2 млрд теңгені құрайды, ол ішкі мемлекеттік қарыз есебінен жабылады.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

5 қазан 2023, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.