Атырау, 23 қараша 16:21
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бостонда ұсталған қазақстандық студенттерге тағылған айып бойынша сот тыңдауы 14 мамырда өтеді

2 287 просмотра

АСТАНА, 2  мам –Қазақстан жаңалықтары АА. Бостонда ұсталған қазақстандық студенттерге тағылған айып бойынша сот тыңдауы 14 мамырда өтеді хабарлайды Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Тағылған айыптарды ескере отырып, олар федералды қылмыстық түрмесіне ауыстырылды. Бұл қылмыстық іс бойынша тыңдаулар 14 мамырға бекітілді»,-делінген хабарламада.

СІМ мәліметінше, біздің азаматтарымызға Бостонда болған жарылыстарды ұйымдастыруға қатысты айып тағылып отырған жоқ екенін атап өтеміз. Оларға айғақтарды жойды деген айып тағылуда.

Қазіргі таңда біздің азаматтарымызға қажетті консулдық қолдау көрсетіліп жатыр. Олардың кінәсі әлі дәлелденген жоқ, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Д.Қадырбаев пен А.Тажаяқов тергеу органдарымен ынтымақтасып, оларға барынша ықпал жасауда.

Біз осыған дейін бірнеше рет айтып өткендей, Қазақстан лаңкестіктің кез-келген түрлеріне қарсы. Қазақстандық тарап АҚШ құқық қорғау органдарымен осы істі тергеуде барынша ынтымақтасуда.

Дереккөз: newskaz.kz

2 мамыр 2013, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.