Бүгіні күні халықтың көп шоғырланатын жерлерде жасөспірімдердің самокат жүргізу тәртібін бұзу дерегі жиі орын алуда. Сонымен қатар, мопед, электросамокат құралдарын пайдалану тәртібі бұзылып, салдарынан жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғуда.
Қала аумағында мотокөліктерге және электро көлік құралдарының қатысуымен орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жолын кесу мақсатында 27 қыркүйек - 1 қазан күндері «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі бойынша 28 тұлғаға қатысты әкімшілік іс құжаттар жинақталып, 17 көлік құралы арнаулы тұраққа қойылды.