Атырау, 27 қараша 03:23
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырауда жылу беру маусымы басталды

1 051 просмотра

Өңірде жыл сайын 15 қазаннан басталатын жылу беру маусымы биыл бірнеше күнге ерте басталды. Яғни, 4 қазаннан бастап әлеуметтік нысандар, 9 қазанынан бастап көппәтерлі тұрғын үйлерге жылу беру үшін тиісті хат жолданған. Бұл туралы Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясының бөлім басшысының орынбасары Қайрат Хабиев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласы әкімдігінің тапсырмасына сәйкес жылу беру маусымы алдында 1228 көпқабатты тұрғын үй сынақтан өтіп, дайындығы пысықталған. Жалпы биылғы жылыту маусымына 727 миллион 471 мың теңге бөлінді.

- Осы жылы жылыту маусымына бөлінген қаражатқа тозығы жеткен көп қабатты тұрғын үйлердің жалпы ұзындығы 8 800 метрді құрайтын жылу және ыссы су құбырларын жөндеу жұмысы жасалды. Жұмыстарға бөлінген қаражат көзі 300 миллион 463 мың теңге. Сондай-ақ биыл 12 жылу беру бекетіне қажетті 6 дана жылу қазанын, 12 дана генератор, 4 дана жылу алмастырғыш және 27 сорғы құрылғысы сатып алынды. Бұған бөлінген қаражат 143 млн. Бұған қоса бөлімнің теңгеріміндегі 11 орталық жылыту бекеті «Атырау Жылу Жүйелері» АҚ-на сенімгерлікке беріліп, осы жылу маусымына күтіп ұстауға 284 млн теңге бөлініп, аталған мекемемен келісім шарт жасақталды. Бүгінде қажетті жұмыстар атқарылуда, - деді Қ.Хабиев. 

Сондай-ақ «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының директоры Еркебұлан КЕНЖЕҒАЛИЕВ өңір тұрғындарын табиғи газды пайдалануда барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

- Алдымен түтін мұржаларын, желдету арналарын, жылыту жүйесін мұқият тексеріп, содан кейін барып пайдаланғандарыңыз абзал, - деді Е.Кенжеғалиев.

Айта кетейік, бүгінде облыс тұрғындарының 99,8 пайызы табиғи газбен қамтылған.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті ӨКҚ жолдады

4 қазан 2023, 22:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.