Атырауда 2-8 қазан аралығында «Заңсыз келуші-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты қызмет көрсетілетін аумақта тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктерді анықтау, заңсыз көші-қон фактілерінің алдын-алып, жолын кесу.
№6 полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақты тексеру кезінде, 2019 жылдан бері ҚР аумағында жеке басын анықтайтын құжатсыз жүрген 33 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Өзініңғ айтуы бойынша ол Қазақстанға төрт жыл бұрын еңбек етуге келген және құжаттарын белгісіз себептермен жоғалтып алып, жаңалауға жұмыстанбаған. Төлқұжаты жоқ азамат қабылдау- тарату орнына орналастырылды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суретті ПД ұсынды