Атырау, 6 желтоқсан 02:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 461.05
€ 499.32
₽ 5.03

Сот орындаушысы алаяқтықты «орындаған»

828 просмотра
freepik.com 

Атырау қаласының №2 соты мемлекеттік сот орындаушысы М.З. және жеке тұлғалар Н.Р. мен Д.С.-ға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлімінің 2-тармағына сәйкес («Аса ірі көлемдегі алаяқтық») қылмыстық істі қарады.

Сотпен анықталғаны, мемлекеттік сот орындаушы М.З. бұрын сотталған Р.Н.-мен және оның бұрынғы жұбайы Д.С.-мен алдын ала сөз байласу арқылы жер учаскелерін көрінеу жалған сатып алу-сату шарттарын жасасу арқылы мемлекет меншігінен шығарып, содан соң оларды үшінші тұлғаларға сатқан.

Үкім келісімдік іс жүргізу тәртібінде шығарылды. М.З. кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Р.Н. 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Екі әйелге олардың жас балалары 14 жасқа толғанға дейін жазасын өтеуі кейінге қалдырылды. Д.С. 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 қазан, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.