Атырау, 28 қыркүйек 22:20
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Индербор кентінде үш спорт алаңы қазан айының соңына дейін пайдалануға беріледі

754 просмотра

Бұл туралы Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Атап айтсақ М.Горький көшесі, Шығыс мөлтек ауданы Р.Қошқарбаев көшесі және Болашақ мөлтек ауданы Мүсірепов көшесі бойынан жаңадан спорт алаңының құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

- Шілде айында басталған құрылыс жұмыстары аяқтала келді. Мердігер мекеме «ЖайықСити» ЖШС. Алаңдар шағын футбол, балалар ойын алаңымен және Street Workout құрылғыларымен жабдықталған. Әрбір алаңның көлемі 1376 шаршы метр, - дейді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алтынбек ҒАБДУЛЛИН.

Айта кетейік, Индер ауданында 32830 халық болса, Индербор кентінде 15968 тұрғын бар.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді ӨКҚ жолдады

5 қазан 2023, 08:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.