Екі үздік қарсыластың матчы бізді Чемпиондар Лигасында күтеді: 4-5 қазанға қараған түні "Боруссия" Дортмундта "Миланды" қабылдайды. Командалар бетпе-бет кездесуге қандай дайындықпен келетіні туралы сөйлесейік.
"Боруссия Дортмунд"
Көшбасшылар кетеді, жаттықтырушылар өзгереді, ал Дортмундтың мақсаттары болса өзгермейді: Чемпиондар Лигасында өзінің қабілеттерін көрсету және Бундеслигада "Баварияны" басып озу. Екіншісіне Эдин Терзичтің командасы әзірге қарсыласына қарағанда жақынырақ: "аралар" "ротенмен" тек соғылған доптардың айырмашылығы бойынша орын беріп 3-ші орынды бөлісуде. Бірақ басты еурокубоктағы мәресі сәтсіз басталды: үй алаңында "ПСЖ" мықтырақ болып шықты (0:2).
"Өз үйім – өлең төсегім" "Боруссия" ойынының басты қағидасы: "аралар" өз алаңында өткен жылдың шілде айынан бері жеңіліс көрмей келе жатыр. Көшбасшылықты қолына алып, "Миланды" қысыммен неге басып тастамасқа? Міне сол үшін, Parimatch сарапшылары "Дортмундтың" бірінші гол соғуы үшін 1.87 коэффициентін береді: Чемпиондар лигасының соңғы 15 матчының 10-ында "аралар" ойын есебін ашып келген.
“Милан”
А сериясының 7 матчында "россонеридің" 6 жеңісі және тек 1 жеңілісі бар. Бірақ бұл жеңіліс өте ауыр тиді: "Милан" көшбасшылықты бөлісіп отырған "Интерден" 1:5 есебімен ойсырата жеңіліс тапқан. Бірақ мұнда да "нерадзурри" қосымша көрсеткіштер бойынша алда – екі актідегі трагедия, басқаша айту мүмкін емес. Чемпиондар Лигасындағы мәре ойдағыдай болмай өтті: олар бүкіл матч бойы "Ньюкаслға" қысым жасап келгенмен, Ник Поуптың қабырғасын қайыстыра алмады. Нәтижесі - таблодағы нөлдер.
А Сериясында "Милан" қысым жасап, бірінші болып ойнауға дағдыланған. Бірақ Чемпиондар Лигасында "россонери" әлдеқайда сындарлы болып келеді, әсіресе "Боруссия Дортмунд" сияқты қарсыластармен. Сонымен, "россонериден" голдардың көптігін күтудің қажеті жоқ: Чемпиондар лигасы тобының соңғы 15 матчының 12-сінде олар 2,5-тен аз гол соқты. Parimatch сарапшылары бұл нәтижені 1.15-ке бағалады.
Аналитика мен болжам
Қарсыластар деңгейінде де, ойын стилінде де теңдей көрінеді. Алайда, "Дортмунд" үй алаңында ойнайды, демек оның артықшылығы бар: "аралар" жеңісіне 2.44 ұсынылса, "Миланға" 2.90 коэффициенті берілген. Бірақ "россонери" жеңісті оңайшылықпен бере қоймас, сондықтан бізді әсерлі шайқас пен гол алмасу күтіп тұрғаны анық. Сонымен, Parimatch сарапшылары екі команданы да гол соғады деп есептейді: олар бұл нәтижені 1.62 деп бағалаған.