Атырау, 27 қараша 03:41
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Басқа мердігер іздестіруде

Сурет
660 просмотра

Қызылқоға ауданы Миялы және Сағыз ауылдарындағы стадиондардың құрылысы өте кешіктіріліп жатыр.

Миялы. Құны 300 млн 685 мың теңге болатын аудан орталығындағы орталық стадионды реконструкциялау 2021 жылдың маусым айында басталып, сол жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс еді. Мердігер - алматылық «ЕділСтройСервис» ЖШС. Стадионда жобада көрсетілгендей, 500 орындық трибуна, киім және жуынатын бөлмелер, сыртқы жарықтандыру, шағын және үлкен футбол алаңдары, төрт жолақты жүгіру алаңы болуы тиіс еді. Алайда мердігер мекеме тарапынан атқарылатын жұмыстар өте баяу әрі сапасыз жүрген. Трибуна шатырының екі рет жел ұшырып әкеткен.

- Мердігер жұмысын уақтылы аяқтамады, сол себептен Атырау облыстық ауданаралық экономикалық сотқа жосықсыз қатысушы деп тану жөнінде сотқа арыз берілді. Сот 3 млн теңге айыппұл салды. Бүгінде «ЕділСтройСервис» ЖШС нысан жұмысын аяқтай келді, қазан айының аяғында тапсырмақшы, - дейді Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Дулат НЫҒМЕТОВ.

САҒЫЗ.  547 млн 111 мың теңгенің спорт кешенінің құрылысы бүгінде мүлдем тұралап тоқтап қалған. Мердігер «SCS Инжиниринг» ЖШС нысан құрылысын 2021 жылдың маусым айында бастап, сол жылы қарашада аяқтауы тиіс болатын. Алайда аудандық құрылыс бөлімі құрылыс жұмыстарының мерзімінде аяқталмауына байланысты Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мердігерді  жосықсыз қатысушы деп тану туралы 2021 жылдың желтоқсанында талап арыз берген. Нәтижесінде сот 5 млн теңге көлемінде айыппұл салумен шектелген.

Осы уақыт ішінде тапсырысшы тарапынан мердігерге жұмыстың баяу жүруі, сапасы, кемшіліктер жөнінде 20 хабарлама жіберілген. Осы жылдың 23 тамызында «SCS Инжиниринг» ЖШС-мен  келісім шарт бұзылды. Қазір аудан басшылығы басқа мердігер іздестіруде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

5 қазан 2023, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.