Атырау, 27 қараша 03:27
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Халқымыздың саны 700-ден асты

1 074 просмотра

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылдың 1 қыркүйегіне Атырау облысында халық саны жыл басынан бері 7426 адамға көбейіп, 700 505 адам болды.

Бұл ретте табиғи өсім (туу мен өлім арасындағы айырмашылық) 8641 адам, ал көші-қон сальдосы (облыстан кеткендер мен келгендер арасындағы айырмашылық) теріс болғаны – 1215 тұрғын. Облыс бойынша Атырау және Құлсары қаласында халық саны 388 895 адам (55%), ал ауылдық жерде 311 610 тұрғын бар. 

Жалпы, биылғы 1 қыркүйектегі ахуал бойынша республикада 19 944 726 қазақстандық есепке алынса, жыл басынан бері халық санының жалпы өсімі 177 919 адам болды. Бұл көрсеткіш бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалалары көш бастап тұр. 

Жомарт ӘМІРХАНОВ

3 қазан 2023, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.