Атырау, 9 желтоқсан 06:46
 ашықВ Атырау -6
$ 457.61
€ 493.07
₽ 4.99

​Атырауға келген өзге облыс тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

577 просмотра

26 қыркүйек күні Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде Жылыой ауданы Құлсары қаласы аумағында синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде сақтаған деген күдікпен 2003 ж.т. БҚО-ның тұрғынын ұстады. Тексеру жұмыстары кезінде 19 жастағы өзге облыс тұрғынының Құлсары қаласына 24 қыркүйекте келгені анықталды.

Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын тексеру кезінде 1 дана зип-пакет, 2 дана электронды таразы тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат 24.18 грамм болатын «Альфа-pvp» синтетикалық есірткісі екені белгілі болды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

3 қазан, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.