Атырау, 27 қараша 03:29
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырау облысында өңдеу өнеркәсібінің үш жобасы іске қосылады

825 просмотра

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту шаралары қаралды, хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат ШАРЛАПАЕВ (суретте) баяндағандай, 2022 жылдың қорытындысына сәйкес сала еліміздің жалпы ішкі өнімінің 13,4%-ын құрап, сауда және тау-кен өнеркәсібінен кейінгі экономикаға қосқан үлесі бойынша үшінші көрсеткішке қол жеткізді. Өндіріс көлемі бойынша салада оң динамикасы байқалады. Өткен жылы өндірілген өнімнің көлемі 21,1 трлн теңгені құрап, нәтижесінде бес жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,2 есеге артты.

Министр бұл салада 613 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз ететін 20 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті. Мемлекет басшысының Жолдауын орындау шеңберінде өңдеуді тереңдету және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету, базалық инфрақұрылымды қалыптастыру, ірі және стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ нарықты жеңілдікті қаржыландырудың жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Сондай-ақ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов өңдеу өнеркәсібін дамыту шаралары туралы баяндама жасады.

Премьер-Министр биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Ақмола облысында өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі 70%-ға, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында өндіріс көлемінің 18%-ға төмендегенін атап өтті. Өңір әкімдері Марат АХМЕТЖАНОВ, Асхат ШАХАРОВ және Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ мәселеге қатысты түсініктеме берді.

- Индустрияландыру картасы аясында биыл тамақ өнеркәсібінде, құрылыс индустриясында, машина жасауда, металлургияда және басқа салаларда 170 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл шамамен 12,5 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Премьер-Министр.

Атырау облысында биыл өңдеу өнеркәсібінде жалпы инвестициясы 15 млрд теңге көлемін құрайтын 3 жобаны енгізу жоспарланып отыр. Бұл өнеркәсіпте 190 жұмыс орны ашылады. 

3 қазан 2023, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.