Атырау, 27 қараша 03:21
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

СТГ ғимараты «Шамшырақ» балабақшасының кебін кимей ме?

Сурет Бейнежазба
1 283 просмотра

Қала орталығындағы Атамбаев көшесі, 19а мекенжайында орналасқан заманауи техникалық гимназия (СТГ) ғимаратының жарамсыз боп тұрғанына алты жыл болды. Осы жылдар ішінде бірінші сынып оқушыларының қазіргі буыны білім алған болар еді.

Естеріңізге салсақ, 2017 жылы бұл білім ордасы үшін басқа ғимарат салынып, СТГ жаңа лицей мектебі мәртебесімен Нұрсаяға көшкен болатын. Содан бері бұл жер жылдан жылға тозып барады. Ғимарат екі жыл бойы бомждар мен нашақорлардың панажайына айналды. Қазір ол жерде күзет бар, дегенмен, күзетшілердің айтуынша, ішінде ешқандай коммуникация қалмаған: жылу құбырлары мен сымдар ұрланған, терезелері сынған жерлері бар, төбесі мен қабырғалары жарылған. Қазіргі уақытта кез келген адам кірмеу үшін есіктері бекітіліп тұр.

Оны 280 орындық мектепке дейінгі мекемеге айналдырудың ұзақ хикаясы төрт жылдан бері жалғасып келеді.

Сол кезде күрделі жөндеу жұмыстарына тендерді «Жайық-Транзит» ЖШС жеңіп алғаны белгілі. Олардың жобалық-сметалық құжаттары сараптамадан өтпей, шығынды олардан сот арқылы өндіруге тура келді (неліктен екені белгісіз, олар әлі өндірілмеді. – Авт). Қалалық білім беру бөлімі басшысының сол кездегі орынбасары Ерлан ҚАБДИНОВ балабақшаны кейіннен жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға қайтадан тендер жарияланғанын хабарлады. Бірақ жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау және бекіту ұзақ рәсім екенін, құрылыс жұмыстарын бастау үшін кемінде бір жыл қажет екенін ескертті. Бұл 2019 жыл болатын.

«АЖ»-ның бұрынғы СТГ-ның алдағы тағдырына қатысты сауалына: «біз мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығына байланысты белгілі бір проблемалар бар екенін түсінеміз, сондықтан «Атырау қаласындағы бұрынғы СТГ ғимаратын 280 орындық мектепке дейінгі мекемеге қайта жаңғырту» жобасы бойынша салалық қорытынды жолданды», деген жауап алдық.

Шамасы, әзірге ғимаратты қайта жаңғыртуға ниет білдірген компаниялар жоқ сияқты. Бәлкім, бұл мәселе басқада шығар? Мәселен, қала тұрғындары оның өзенге жақын әрі қала орталығында, Азаттық даңғылы бойындағы жолға және аялдамаларға жақын орналасқан аумағы әлдебір мықтының назарына ілігіпті, бәрі ғимарат туралы ұмытқан соң, оны жайлап өзіне алады деген күдіктерін айта бастады.

Тағы бір нұсқа болуы да мүмкін – оны Балықшыдағы бұрынғы «Атырау Балық» ведомстволық «Шамшырақ» балабақшасы секілді құрылыс материалдары үшін біртіндеп бұзып алады: бірнеше жыл ішінде ол жерден алып кетуге болатын нәрсенің бәрі: құбырлар, терезе жақтаулары, баспалдақ қоршаулары, еден, шифер, тіпті ішінара кірпіштер де ұрланған. Айтпақшы, онда да жақсы жер бар, «АЖ» редакциясы бұл нысанды бірнеше жылдан бері қырағылықпен қадағалап келеді.

Бірнеше жыл бойы «Шамшырақтың» тағдыры қандай?» деген сауалымызға жауап ретінде ғимараттың сүрілетінін айтып, кейін бұл шешімді өзгертіп, оны қалдыруға шешім қабылдаған. Тіпті, қайта жарақтау және құрылыс-монтаждау жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары 2020 жылдың жоспарына енгізіледі деп уәде берді. СТГ ғимараты сияқты. Шамасы, пандемия жоспарларды бұзып, әлі күнге дейін реттелмей келе жатқанға ұқсайды.

Біздің сауалымызға берілген соңғы жауапта Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА Балықшыдағы бұрынғы «Шамшырақ» балабақшасының ғимараты есептен шығарылды деп жауап берді. Ашығын айтқанда, ғимараттан ештеңе қалмаған, есептен шығару бұзу дегенді білдірсе керек. 13 жыл бұрын ол қалалық білім беру бөлімінің құзырына өткенде жылу мен кәріз құбырларын ауыстыру ғана керек болған еді...

«Осы нысан бойынша қалалық білім беру бөлімі білім беру басқармасына «280 орындық мектепке дейінгі мекеме құрылысы» жобасы бойынша салалық қорытынды жолдады», - деп жазады А.Дүйсекенова.

Бұл салалық қорытынды жылдарға созылуы мүмкін мәселе, шын мәнінде ол да түпкілікті қорытынды емес.

Жалпы, СТГ мен «Шамшырақтың» тағдыры ұқсас емес пе? Дегенмен, «Шамшырақтың» аянышты халін күтпей-ақ, СТГ балалар үшін жөндеуден өтеді деп үміттенгім келеді.

Айтпақшы, 2023 жылдың мәліметі бойынша, Атырау облысында 1 мен 6 жас аралығындағы 14 809 бала мектепке дейінгі мекемелерге кезекте тұр.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суреттер мен видеоны түсірген автор

3 қазан 2023, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.