Атырау, 23 қараша 15:27
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бостонда ұсталған Қазақстаннан келген студенттер 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

2 180 просмотра

АСТАНА, 2  мам –Қазақстан жаңалықтары АА. Бостондағы марафон кезінде лаңкестік әрекеті  туралы іс бойынша АҚШ-та ұсталған Қазақстаннан келген студенттер Диас Қадырбаев және  Азамат Тажаяқов 5 жылға бас бостандықтарынан айырылулары мүмкін және оларға 250 мың доллар айыппұл салынады, деп хабарлайды РИА Новости ФТБ-ға  сілтеме жасап.

Он тоғыз жасар студенттер сот төрелігіне бөгет болу мақсатында сөз байласуға айыпталуда. Тергеу мәліметтері бойынша, олар лаңкестік әрекетіне айыпталушы Джохар Царнаевтің ісі бойынша айғақтарды жасырған.

ФТБ хабарлағандай, Қадырбаев және  Тажаяқов студенттік визамен АҚШ-қа келген.

Дереккөз: newskaz.kz

2 мамыр 2013, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.