Осы аптада Атырауда өтетін мәдени шаралардың көпшілігі Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналады.
3 қазан 11.00 - “ДЕШТІ ҚЫПШАҚТЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ: БЕЙБАРЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ КЕЗЕҢІ” Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Өтетін орны: Салтанат Сарайы. Сол уақытта Ш.Сариев атындағы өнер музейінде "Жанымның жылуы" атты ардагер суретшілермен кездесу және музей қоры туындыларынан көрме өтеді. Сонымен қатар дәл осы уақытта Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында "Сағыныш шөбін аңсаған Бейбарыс Сұлтан" атты ойталқы шарасы өтеді.
3 қазан 12.00 Д.Нұрпейісова атындағы мәдениет сарайында "Қазақ бейнелеу өнерінің бүгіні мен ертеңі" атты белгілі өнертанушы Ж.Таниғазыұлының студенттермен кездесуі өтеді.
4 қазан 15.00 Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында "СЕРІКБОЛ ӘЛЕМІ" атты тақырыптық конференция өтеді.
4-5 қазан 14.00 Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында “ЕРЛІГІ ЕРЕН ЕР БАБАМ” халықаралық ақындар айтысы өтеді.
4 қазан 19.00 Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында (ересектерге арналған кіші зал) "ҚУЫРШАҚТАР" психологиялық монодрамасы қойылады.
5 қазан 15.00 Ш.Сариев атындағы өнер музейінде “ДАЛА БАРЫСЫ - МЫСЫРДЫҢ БАРЫСЫ” республикалық симпозиумы өтеді.
6 қазан 19.00 Филармония залында Қ.Ахмедияров атындағы “Нарын” халық аспаптар оркестрінің Қазақ-Совет композиторлары шығармаларынан концерт ұйымдастырылады. Билет құны 2000 теңге.