Атырау, 27 қараша 03:28
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Сауда және интеграция министрі «Дәулет» жеке индустриялық аймағының қызметімен танысты

873 просмотра

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Атырау облысына жұмыс сапары барысында  «Дәулет» жеке индустриялық аймағының қызметімен танысып, нан-тоқаш және макарон өнімдерін, ауыз су дайындау цехтарын аралап көрді.

«Дәулет» жеке индустриялық аймағы – құрамында «Дәулет Нан» нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерін шығаратын зауыт, ауыз су өндіретін цех, макарон өнімдерін өндіретін цех, диірмен, ет комбинаты, тігін цехы жұмыс істейтін заманауи әртараптандырылған кәсіпорын.

«Қарат» ЖШС басшысы Рашид Отаровтың айтуынша, компанияның өнімдері жергілікті нарықта да, облыстан тыс жерлерде де ұсынылған және тұтынушылар арасында сұранысқа ие. Индустриялық аймақтың кәсіпорны итальяндық өндірістің заманауи автоматтандырылған желісімен жабдықталған.

«Біз өңірдің қажеттілігін толық жабамыз. Мысалы, біздің диірмен тәулігіне 150 тонна ұн шығарады. Нан-тоқаш зауытының қуаты тәулігіне 30 тоннаны құрайды. Нан-тоқаш өнімдерінің 150-ден астам түрі бар. Макарон өнімдерін шығаратын бір цех сағат сайын орта есеппен он түрден 2000 тонна өнім шығарады», - деді өндіріс басшысы. - Бізде басқа өңірлерге және экспортқа шығуға барлық мүмкіндік бар. Біз Ресеймен біраз тәжірибе алдық. Серіктестер бізге өздері келді және 6 айдан астам уақыттан бері біздің өнімдерімізді экспорттап келеміз. Біздің мақсатымыз - Пәкістан, Иран нарықтарына азық-түлік жеткізуді жолға қою.

Өз кезегінде Арман Шаққалиев Президент мемлекет пен бизнес алдына Қазақстанды азық-түлік хабына айналдыру, экспорт көлемін арттыру туралы ауқымды міндет қойғанын еске салды.

-«Карат» сияқты кәсіпорындар экспорттық жеткізілімдердің ауқымын, сапасы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге қабілетті. Оларға тек шетелдік нарыққа шығуға көмектесу керек, - деді министр және компания басшысын жаын арада Иранда өтетін сауда-экономикалық миссиясына қатысуға шақырды.


2 қазан 2023, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.