Атырау, 9 желтоқсан 07:34
 ашықВ Атырау -6
$ 457.61
€ 493.07
₽ 4.99

Доссорда Байбақты атаға арналған ескерткіш ашылды

Сурет
659 просмотра

Ашылу рәсімінен кейін қонақтар мен тұрғындар зират басына қозғалып, ата-баба рухына құран бағыштады. Әрі қарай ақындар мүшәйрасы, кір тасын көтеру, қол күресі, қой көтеру, ләңгі тебу сынды мәдени-спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Байбақты Қармысұлы 1823-1916 жылдары Жем өзенінің төменгі сағасы Айранкөл, Шатпакөл деген жерлерде ғұмыр кешкен. 1853-1860 жылдары Маңғыстау, Үстірт, Жем, Елек бойы қазақтарының патшалық Ресейге қарсы көтерілісінде ерекше белсенділік көрсеткен. Өмірінің соңғы кезеңінде молдалық жолға түсіп, тақуа атанған жан.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет «Маqat tynysy» газетінен алынды


3 қазан, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.