Атырау, 27 қараша 03:26
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атыраудан Алматыға жарысқа келген 6 жасар бала шатырдан құлап, қаза тапты

Бейнежазба
764 просмотра
freepik.com 

Алматыда грэпплинг жарысына топпен бірге келген атыраулық алты жасар бала қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша, ол тұрақ шатырынан құлап кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға 30 қыркүйекте бапкер жас спортшыларды дүкенге жіберген кезде болған. Әлеуметтік желіде қайғылы оқиға болған жерден түсірілген видео пайда болды. Видео авторының айтуынша, балалар тұрақтың шатырында жүгіріп, ойнап жүрген. Алты жасар бала әлсіз шеремен жамалған жерді басып, құлап кеткен.

Orda.kz түсініктеме алу үшін Алматы полиция департаментіне хабарласты.

«2017 жылы туған ұл баланың өлімі бойынша Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде. Мән-жай анықталуда», - деп хабарлады полиция.

Тілші «Байқоңыр» спорт клубы мен AIGA грэпплинг жарысы өтіп жатқан спорт орталығына да хабарласты. Комментарийлер күтеміз.


2 қазан 2023, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.