Атырау, 28 қыркүйек 22:31
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

5 қазанда Құлсарыда 112 орындық кинотеатр ашылады

Сурет
1 038 просмотра

Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. «Qaisar Park cinema» атты кинотеатрда 56 адамдық екі зал және күту залы бар. Одан бөлек жедел тамақтану орталығы және сусын мен попкорн сататын орындар қарастырылған.

- Билеттің бағасы 1500-3000 теңге аралығында болады және киноға билетті ticketon.kz сайтынан алуға мүмкіндік бар. Алғаш ашылатын күні «Пила 10», «Белгісіз батырлар», «Митат», «Арам ақша», «Қарғыс атқан мұра», «Жел иесі», «Щенячий патруль» атты фильмдер көрсетіледі, - деді кинотеатр иесі Саламат САРСЕНОВ.

Кәсіпкердің айтуынша, кинотеатрда әлемдік және қазақстандық жаңа кинолар көрсетіледі. Аптаның әр бейсенбісінде жаңа кинолар шығып тұрады. Кинотеатр күнде сағат 10:00-ден бастап жұмыс істейді. Соңғы сеанс 23:30-23:50 аралығында басталады.

Жаңа кинотеатр І.Сариев көшесі, 16 ғимарат, «Жан» сауда орталығында орналасқан. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

2 қазан 2023, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.