Атырау, 27 қараша 03:16
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мықты жеңіс болды

639 просмотра
Сурет: sports.kz

1 қазан күні «Мұнайшы» стадионында футболдан ел чемпионатының 24-тур матчы өтті. «Атырау» мен «Мақтаарал» (Түркістан облысы) ойнады.

«Мақтаарал» турнир кестесінің соңында орналасқан, ал алаң иелері ортада тұр, сондықтан матчта олар айтарлықтай басым түсті. Ойын нәтижесі қандай болатыны бірінші таймда белгілі болды: 15-минутта "Атыраудағы" украиндық легионер Александр НОЙОК пенальтиден гол соқса, 37-минутта нигериялық Нсунгуси ЭФФИОНГ гол соқты – 2:0. Одан кейін алаң иелері есепті өзгертпей, сенімді ойнады.

Чемпионатта үш аптаға созылған үзіліс бар, одан кейін қалған екі тур өтеді. 33 ұпаймен 6-орында келе жатқан «мұнайшылар» сырт алаңда қызылордалық «Қайсармен» кездеседі, содан кейін «құрметті» 5-орынға таласу үшін өз алаңында «Қайратты» қабылдайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 қазан 2023, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.