Атырау, 26 маусым 03:31
 дождьВ Атырау +24.8
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41

Пәкістанда мешіт маңындағы жарылыс салдарынан 50-ден астам адам қаза тапты

1 390 рет қаралды
AFP

Пәкістанның Мастунг қаласындағы мешіт жанында болған жарылыс салдарынан 52 адам қаза тапты, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Dawn.com жазуынша, соңғы мәліметтер бойынша 130-дан астам адам жарақат алған.

Жергілікті билік жарылысты жанкешті жасады деп есептейді, оның себептері анықталмады.

Жарылыс адамдар «Мәдина Масджид» мешітінің маңында Ид-и-Миладун Наби жиынына жиналып жатқан кезде болған. 

«Лаңкес полиция бастығы орынбасарының көлігінің жанында жарылды», - деді бас инспектордың орынбасары Мунир Ахмед Reuters агенттігіне.

Ол жарылыс жұрттың Мұхаммед пайғамбар туған күнін тойлау үшін жиналып жатқан мешіттің жанында болғанын айтты.

Тыйым салынған «Техрик-е-Талибан Пәкістан» ұйымы бұл шабуылға қатысы барын жоққа шығарады.


29 қыркүйек 2023, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.