Биыл Атырау қаласы күніне арналған мәдени бұқаралық шаралардың барлығы 7 қазан сенбі күнге топтастырылған. Бұл күні сағат 08:00-15:00 «Сарайшық» базары мен «Мұнайшы» стадионының алдында азық-түлік жәрмеңкесі болады.
Сағат 09.00-де Жайық өзенінде байдарка және каноэда ескек есуден қалалық турнирі басталады.
09.30. Ө.Атамбаев көшесінде «Инвектус» спорттық-сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты.
10.30. Тұрғындар қалашығында ардагерлерге арналған шағын футбол алаңының ашылу салтанаты
10.00. Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінде «Бояулар құдіретіндегі Атырау» ашық есік күні
11.00. Жастар саябағында «Туған қалам - Атырау» мерекелік бағдарламасы. Бағдарлама аясында:
- 1970,1980,1990 жылдардағы ретро әндер
- 2000-2023 жылдар аралығындағы ән-билер
- Дәстүрлі әндер, айтыс, терме, күйлер
- Балаларға арналған ән-билер
- Этно-мәдени орталықтарының концерттік бағдарламасы
- Жергілікті тауар өндірушілер мен қолөнер көрмесі
- Атырау ақын-жазушыларының кітап көрмесі
- Спорттық бұқаралық жарыстар ұйымдастырылады.
12.00. Жастар саябағында ММА спорт түрлерінен жасөспірім және жастар арасында қала әкімінің ашық кубогы
15.00. Алмалы ауылында 24 шақырымдық аламан бәйге, 18 шақырымдық топ бәйге және 9 шақырымға жалғасқан құнан бәйге ұйымдастырылады.
19.00. Исатай-Махамбет алаңында қала халқы мен қонақтарына арналған «Туған күніңмен, сүйікті қалам - Атырау!» атты гала-концерт. Мерекелік кеш қонақтарының қатарында танымал өнер иелері – Бейбіт Қорған, «Заман» тобы, Бейбіт Көшқалиев және Садраддин бар.
Қала күніне арналған шаралар 23.00 Исатай-Махамбет алаңында мерекелік от шашумен аяқталады.
«АЖ» мұрағатынан алынған сурет