Атырау, 27 қараша 03:36
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Құлсарыдағы қоқыс таусылар емес

1 302 просмотра

Бейнежазбадан алынған скриншот

Атырау облысы бойынша экология департаментінің мамырдағы тапсырмасымен Құлсары қаласындағы Аэропорт және Жадырасын ықшамауданындағы қордаланған қоқыс қалдықтарын жою қажеттігі туралы «Промэкология» ЖШС-не хат жолданды.

Бұл ЖШС аудан орталығында санитариялық тазалық үшін жауапты. Жұмыстар орындалды.

Ал маусым айында ғарыш түсірілімі Құлсары қаласы аумағында заңсыз қордаланған тағы 29 қоқыс орнын көрсетті. Қыркүйектің аяғына қарай «Промэкология» ЖШС қызметкерлері осы жерлерден 3652 тонна қоқыс қалдығын шығарды.

- Қыркүйек айында Құлсарыда жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылып, 100 тонна қоқыс шығарылды. Сенбілік қараша айына дейін жалғасады. Жыл басынан бері қала шетіндегі полигонға 50 925 тонна қатты тұрмыстық қалдық және 136 тонна құрылыс қалдығы шығарылды, - дейді Құлсары қаласының әкімі Қадыржан АДИНОВ. - Алайда қала тұрғындары тазартылған аймаққа қоқыс төгуді тоқтатпай отыр. Осыған байланысты қала тұрғындарын тазалықты сақтауға, қоқысты арнайы жәшікке тастауға шақырамыз. Рұқсат етілмеген полигондар үшін әкімшілік жауапкершілік бар екенін ұмытпауымыз қажет. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Құлсары қ. әкімдігі жолдаған бейнежазба

29 қыркүйек 2023, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.