Атырау, 16 қазан 12:58
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Нәзік жандылар қыштан бұйым жасауды үйренуде

Сурет
1 190 просмотра

«Мен кәсіпкер» жобасы аясында Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған қыштан қолөнер жасау бойынша курстар «Urpaq» оқу орталығының базасында өтуде. Оқыту ұйымы «Ақ сәуле» ЖК, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Оқытуға Атырау мен аудандардан түрлі жастағы 16 қыз-келіншек қатысуда. Мақсатты аудитория - қазіргі кәсіпкерлер, өз ісін енді ғана бастауды жоспарлап отырғандар, сондай-ақ көп балалы аналар. Курстың ұзақтығы 32 сағат, оның негізгі бөлігі практикалық сабақтар.

- Оқыту барысында қатысушылар жаңа дағдыларды меңгереді немесе өз шеберліктерін арттырады. Өйткені олардың арасында қыш жасаумен айналысатындар да бар. Атап айтқанда, сабақ барысында олар балшықпен жұмыс түрлері мен ерекшеліктерімен, бұйымдарды кептіру және күйдіру әдістерімен, қалыптау құралдарымен және безендіру материалдарымен таныстырылуда, - деді Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының кеңесшісі Гүлнафис ЖАРМҰХАНБЕТОВА.- Мұнда қолмен мүсіндеу ғана емес, сонымен қатар керамикалық дөңгелекте жұмыс істеу әдістері де ұсынылып отыр. Ең бастысы - олар өндірісті ұйымдастыруға және бизнес-процестерді жүргізуге үйретіледі. Осылайша курстар аяқталғаннан кейін олар өз істерін аша алады немесе кеңейтуге мүмкіндіктері бар. Біз оқыту ұйымын мұқият таңдап алдық, сондықтан курс тыңдаушылары жақсы білім алатынына сенімдіміз.

Курстардың артықшылығы - олар тегін өтіп жатыр. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушылар тиісті сертификаттар алады. Содан соң бизнесті өз қалаулары бойынша жүргізе алады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

28 қыркүйек 2023, 18:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.