Атырау, 9 желтоқсан 07:20
 ашықВ Атырау -6
$ 457.61
€ 493.07
₽ 4.99

Таулы Қарабақ республикасы жойылатыны хабарланды

1 327 просмотра
Сурет: vsegda-pomnim.com

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасы жойылады. Тиісті жарлыққа аймақ басшысы Самвел Шахраманян қол қойған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Құжат бойынша, Таулы Қарабақтағы барлық мемлекеттік мекеме мен ұйым таратылады. Ал халыққа Әзербайжанмен реинтеграция шарттары ұсынылған. Қарабақта қалу не қалмауды тұрғындардың өзі шешеді.

Армения үкіметінің кейінгі мәліметінше, Таулы Қарабақтан Арменияға 19 мыңға жуық адам қоныс аударған.

Еске салайық, 19 қыркүйекте Әзербайжан әскері Таулы Қарабақ аумағында әскери операция бастағанын хабарлаған еді. Сәрсенбіде армян билігі 32 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланғанын хабарлады. Түнде майдан маңындағы елді мекендерден мыңдаған адам эвакуацияланды. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ұрыс аймағында Ресей бітімгерлері қаза тапты.

28 қыркүйек, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.