Атырау, 29 қыркүйек 00:31
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Полицей қауіпсіздік белдігін таққан ба, жоқ па?

1 577 просмотра

«Белсенді Азаматтар – 06 - Активные граждане» телеграмм чатында полиция көлігі бейнеленген видеоролик жарияланды. Желі қолданушының растауынша, борттық нөмірі 969 көліктің жолаушылар орындығында отырған қызметкер қауіпсіздік белдігін тақпаған.

Аталған факті бойынша патрульдік полиция қызметкерлері арасында тексеру жүргізілді. Жедел басқару орталығының қызметкерлері мемлекеттік нөмірі 0969 Hyundai автокөлігінің жолаушысына қатысты «Сергек» бейнекамерасына тексеру жүргізді.

Полицейдің қауіпсіздік белдігін таққаны анықталды. Ол арнайы сигналдық кеудешенің іш жағынан өткендіктен, бейнежазбада дұрыс көрсетілмеген.

Өз атымыздан қосарымыз, видеода белдік тағылған секілді көрініп тұр.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

28 қыркүйек 2023, 13:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.