Атырау, 4 желтоқсан 00:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.17
€ 550.06
₽ 4.93

Есірткі. Жауапкершілік. Салдары.

778 просмотра

Биыл жыл басынан бері облыс бойынша 93 есірткі қылмысы тіркелді, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23%-ға аз, деп хабарлайды Атырау облысының прокуратурасы.

Сонымен қатар, жыл басынан бері есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 58 адам сотталып, оның 44-і бас бостандығынан айырылған, 36 кг астам есірткі және психотроптық заттар тәркіленді.

Мысалы, сот үкімімен құрамында 7 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары 4 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылған, олар облыс аумағында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өсірумен және сақтаумен айналысқан.

Облыс прокурорының орынбасары Ғалымжан ТІЛЕУБАЕВ атап өткендей, нашақорлық пен есірткі құралдарының заңсыз айналымы қоғамның дамуына, қылмыстың, зорлық-зомбылықтың өсуіне және ұлтына, әлеуметтік жағдайына, жынысына немесе дініне қарамастан адамдарға әсер етуде.

Қауіпті зардаптарға тоқтала отырып, облыс прокуратурасы «өзіңізді және жақындарыңызды өлімге әкелетін уланудың әсерінен барынша қорғанып, салауатты және белсенді өмір салтын сақтанудың маңыздылығын» ескертеді.

25 қыркүйек 2023, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.