Атырау, 27 қараша 05:22
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өзбекстаннан келіп, заңсыз жұмыс істейтіндер көп

1 047 просмотра

Қазіргі уақытта Атырау полициясы ҚР көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтарын анықтау мақсатында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Бүгінде 185 заң бұзушы анықталды. Соның ішінде 126-сы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 3, 4, 5-бөлігімен («Тиісті мерзімнен кейін елден шықпау; визада көрсетілген келу мақсатының сай келмеуі») жауапкершілікке тартылды.  ҚР 59 азаматына қатысты 518-бап («Өздеріне келген шетелдіктерді тіркеуден жасыру») бойынша хаттама толтырылды. Қабылдау-тарату орнына мүлде құжаты жоқ Өзбекстанның 25 азаматы орналастырылды. «Мигрант» шарасы әлі де жалғасып жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ПД жолдаған сурет

24 қыркүйек 2023, 21:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.