«Жасөспірім» іс-шарасы барысында екі күн ішінде 100 шақты әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, 11 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша хаттама толтырылып, 7 ата-анаға 435-бап («Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық») бойынша айыппұл салынды.
Сонымен қатар, түнгі 23.00-ден кейін Атырау көшелерінде жүрген 80-ге жуық жасөспірім анықталды. Бұл заң бұзушылық үшін де олардың ата-анасы әкімшілік жазаға тартылды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Атырау облысының полиция департаменті жолдады