Атырау, 27 қараша 05:23
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жылыой ауданы 95 жылдығын атап өтті

Сурет Бейнежазба
856 просмотра

Биыл Жылыой ауданына – 95 жыл, Құлсары қаласына – 22 жыл. Қос мерейтой аясында Құлсары қаласында гала концерт өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

– Баршаңызды бүгінгі ауданымыздың төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің аудан ел экономикасына елеулі үлес қосып отырған үлкен аудан. Алдағы уақытта да 95 жылдық тарихы бар Жылыой ауданы ел дамуының басым бағыттарын жүзеге асыруға үлес қоса беретініне сенемін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз мәңгі, елдігіміз еңселі болсын!- деді ашылу салтанатында Жылыой ауданы әкімі Жұмабек ҚАРАЖАНОВ.

Іс-шара «Көш керуен Құлсары – құтты бесігім» атты театрландырылған хореографиялық қойылыммен басталып, концерттік бағдарламаға ұласты. 

Мерекелік кешті жылыойлық танымал актер Жанболат Найзабеков жүргізді. Сондай-ақ танымал эстрада жұлдыздары Нұрболат Қанай (Qanay), Игілік Оразалы - Инабат Ризабекова, Қайрат Жұмағалиев, Байбақты Ідірбай және Әділет Жауғашар мен Ернар Садырбаев (Әмре) өнер көрсетті. 

Кеш соңында мерекелік отшашу ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, жергілікті қолөнер шеберлерінің «Өнерлі өрен – өлке мақтанышы» атты көрме-жәрмеңкесі өтті. Оған зергерлік және сәндік бұйымдар, өлкенің көрікті жерлерінің суреттері мен макеттері қойылды. Ал бөлек «Жылыой жәрмеңкесінде» жергілікті кәсіпкерлердің сан түрлі өнімдері көпшілікке ұсынылды. 

Еске сала кетейік, аудан әкімшілік бірлік ретінде 1928 жылы Жылқосы атауымен құрылып, 1963 жылы Ембі болып өзгертіліп, 1993 жылдан бастап қазіргі атауына ие болды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

25 қыркүйек 2023, 01:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.