Соңғы кездері Индер кенті әкімдігінің теңгеріміндегі пәтерде тұрып жатқан жалға алушылардың берешегі өсіп кеткен.
Биыл тамыз айында "Көктем" мөлтек ауданында 48 пәтерлік төрт үй пайдалануға берілгеннен кейін жалдамалы пәтер саны бүгінде кент бойынша 474-ге жеткен. Ал одан бұрын салынған 282 пәтер тұрғындарының берешегі 21 млн 168 мың теңгеге дейін жетті.
- Баспана аз қамтылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға берілді. Берешектердің өсуіне байланысты арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүргізілді, - дейді кент әкімі Шалқар АЛМУРЗИЕВ. - Сот арқылы берешектің 7 млн 580 мың теңгесі бюджетке қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суретті түсірген автор