Атырау, 23 қараша 12:29
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Зеленский мен Байден соғысты талқылады. АҚШ Украинаға көмегін тоқтатпайды

1 056 просмотра
irishexaminer.com

АҚШ президенті Джо Байден Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуден соң жаңа әскери көмекті мақұлдағанын мәлімдеді. Бұл жолы Украинаға жалпы құны 325 миллион доллар көлемінде көмек бөлінді. BBC хабарлауынша, АҚШ аталған сомаға мүлікті былтыр бекітілген бағдарлама негізінде тікелей әскери қоймадан береді, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Пакет ішінде 300 шақырымға дейінгі нысананы дәл көздейтін ATACMS пен HIMARS зымырандары жоқ.

Бұл жолы Украина 155 мм калибрлі артиллериялық снарядтар, соның ішінде кассеталық оқ-дәрілер алады.

Украина әскеріне бірінші кезекте соғыс алаңында пайдалануға арналған Stinger зымырандарына қолданылатын Avenger кешені беріледі.

Басылымның жазуынша, әуе қорғанысына арналған AIM-9M зымырандары Украинаның қолында бар совет ұшақтарына орнатылуы мүмкін.

АҚШ жариялаған пакетте дрондармен күреске пулеметтер, 105 мм калибрлі снарядтар, атыс қаруына арналған оқ, танкіні жоюға арналған Javelin, TOW кешендері, жеңіл тактикалық көліктер бар.

Байден мен Зеленский келіссөзінен соң келесі аптада Украинаға M1 Abrams танкілерінің бірінші партиясы жететіні белгілі болды. Байден бұл жөнінде Ақ үйде өткен келіссөздерден кейін Зеленскиймен бірге журналистерге хабарлаған.

Зеленский журналистерге берген жауабында АҚШ Украина қорғанысын, атап айтқанда, әуе қорғанысы құралдарын нығайтуға көмектесуге келіскенін айтты.

22 қыркүйек 2023, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.