Атырау, 10 қараша 20:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Атырау облысының басшысы Қара арна ауылының тұрғындарымен кездесті

Сурет
1 147 просмотра

Атырау облысының басшысы Қара арна ауылының тұрғындарымен кездесті 22 қыркүйекте Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВ Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылдық округі Қара арна ауылына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Жиында аймақ басшысы ауыл азаматтарын Жылыой ауданының 95 жылдығымен құттықтап, Шоқпартоғай ауылдық округінде жүріп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Шоқпартоғай ауылдық округіндегі басты мәселе - ауылішілік жолдарын салу. 

Биыл аудандағы 5 елді мекен бойынша ауылішілік автомобиль жолын салу жұмыстары басталды. Құрылыстың жүру барысына өздеріңіз куә боп келесіздер. Жол салу процесі кезінде қиындықтар болды. Алайда оны облыс деңгейінде шешіп, тезірек құрылысты аяқтауға қолдау көрсетіп жатырмыз. Шоқпартоғай ауылдық округінде жүріп жатқан 3,4 шақырым тас жол құрылысының мердігері - «Казкомсервис» ЖШС. Шоқпартоғайдағы  ауылішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстарына қазіргі уақытта түзету жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар биылғы жылдың соңында аяқталады. Алдағы екі жылдың ішінде Жылыой ауданындағы жол салу мәселесі толық шешіледі, - деді С.Шәпкенов. 

Кездесуде тұрғындар ауылдағы өзекті мәселелерді айтып, ұсыныс-пікірін жеткізді. Бұлар - тас жолын, ойын алаңын, спорт кешенін және демалыс саябағын салу, теміржол көпірі астынан су реттегіш шлюз жүргізу. Кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Ол көтерген әр мәселе өзектілігіне қарай заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. Аймақ басшысы Қара арна ауылының тұрғындарымен кездесуі Жылыой ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. 

Анықтама үшін: Қара арна ауылында 3 130 адам тұрады. Мұнда мектеп, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория сынды әлеуметтік нысандар бар.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

22 қыркүйек 2023, 23:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.