Атырау, 27 қараша 05:30
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атыраулық жекпе-жек шеберлері кіші аяқ доптан жарысты

Сурет
1 252 просмотра

Атырауда «Менің жетістіктерім - менің нәтижем» ұраны аясында Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінің» ұйымдастыруымен Кіші аяқ доптан кубок өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

– Қазіргі таңда студенттеріміз спорттың 17 түрімен айналысады, олардың тек күрес немесе бокста ғана емес, Кіші аяқ добынан да мықты екенін көрсетуді жөн көрдік, - деді Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінің» директоры Данияр ЮСУПОВ.

Кубокқа барлығы 17 команда қатысты. Олар «Муайтай», «ММА», «Панкратион», «Каратэ киокушинкай-кан», «Қоян-қолтық ұрыс», «Қазақ күресі», «Джиу-джитсу», «Каратэ шинкиокушинкай», «Каратэ ВКФ», «Самбо», «Грэпплинг», «Белбеу күрес», «Кикбоксинг», «Номад ММА», «Жауынгерлік самбо», «Пенчак Силат», «Таеквандо ГТФ» командалары.

 

Нәтижесінде, 1-орынды «Панкратион», 2-орынды «Кикбокс» командалары, 3-орынды «Самбо» спортшылары құрама командасы алды. Сондай-ақ «Панкратион» командасының ойыншысы Тоқтар Рафхат «Үздік ойыншы», «Кикбокс» командасының ойыншысы Азамат Өтемісов «Үздік шабуылшы», «Самбо» командасының ойыншысы Айдынбай Қайырберді «Үздік қақпашы» номинациясын иеленді. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

22 қыркүйек 2023, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.