Төтенше жағдайлар министрі Сырым ШӘРІПХАНОВ, Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев және "Ақ Жайық" табиғи резерватының қызметкерлері ТЖМ әуе кемесінде "Ақ Жайық" табиғи резерваты мен Каспий теңізі жағалауындағы қамыс өсімдіктерін зерттеу бойынша аэровизуалды тексеру жүргізді, деп хабарлайды ТЖМ.
Ұшып аралау қорытындысы бойынша Сырым Шәріпханов қамыс өсімдіктер өртінің алдын алу және сөндіру бойынша іс-қимыл алгоритмін әзірлеуді тапсырды.