Атырау, 27 қараша 05:43
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Атырау облысының құтқарушыларына жаңа техника табысталды

922 просмотра

Атырау облысы әкімдігінің жыл сайынғы қолдауының арқасында Атырау облысы ТЖД бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңімен жарақтандыру және нығайту жүзеге асырылуда, деп хабарлады ҚР ТЖМ

2023 жылы жергілікті бюджет есебінен 11 бірлік жедел автокөлік сатып алынды.

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым ШӘРІПХАНОВ пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат НҰРТАЕВ жаңа автокөліктердің кілтін құрылымдық бөлім басшыларына салтанатты түрде табыс етті.

Сырым Шәріпханов азаматтық қорғау қызметінің жұмыс сапасы одан әрі артатынына сенім білдірді. 

- Құтқару бөлімшелерінің техникалық жарақтандырылуын арттыру авариялық-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп ТЖ министрі атап өтті.

Сонымен қатар, министр облыс әкімінің орынбасарымен бірге жергілікті бюджет есебінен алынған авариялық-құтқару құралдары мен техникаларын қарады. 

22 қыркүйек 2023, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.