Атырау, 27 қараша 05:29
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Балық тағы неден қырылды?

Бейнежазба
1 058 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

18 қыркүйекте Исатай ауданының "Севрюжья коса" жерінде балықтың қырылғаны анықталды. Келесі күні Атырау облысы бойынша экология департаменті және полиция басқармасы, ветеринариялық қызметтердің және жергілікті атқарушы органның мамандарынан құралған жұмыс тобы оқиға орнына барды.

Экология департаменті мамандары су және топырақтан зертханалық талдау жасау үшін сынама алды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, балықтың қырылуы Каспий теңізіндегі қума жел құбылыстарының нәтижесінде теңіз суының алыстап кетуіне байланысты болған. Қосымша ақпарат зерттеу нәтижесі бойынша хабарланады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 қыркүйек 2023, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.